Тастемирова Гүлшара Асылбайқызы 1960 жылы 14 қаңтарда Түркістан облысында туған .Ұлты қазақ, білімі жоғары.1990-1996 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқып, бітірген. 2002 жылдан жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы, аға оқытушы қызметтерін атқаруда. 2007 жылы «60-80-жылдардағы қазақ сатирасының дамуындағы аударма шығармалардың рөлі (Ә. Несин шығармалары бойынша)» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 2 оқу құралы, 7 оқу-әдістемелік құралы, 1 монография, 60-тан астам ғылыми, әдістемелік, имидждік мақалалардың авторы. 2002-2008 жылдар аралығында шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінде оқытушы қызметін атқарып келді. 2008 жылдан бастап қазірге дейін жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда. Жалпы еңбек өтілі - 38 жыл.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1996

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
23.04.2008
Қызығушылығы